Ұшақ апатының себеп-салдарын арнайы комиссия анықтап жатыр


ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ
Азаматтық авиация комитеті Қызылорда облысындағы ұшақ апатына қатысты комиссия құрды, деп хабарлайды ЭК.
"Әуе кемесінің операторы — "Жеңіл және аса жеңіл авиацияны пайдаланушылар" қауымдастығы. Аталған дерек бойынша комиссия құрылды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғаларды және оқыс оқиғаларды тергеу басқармасы тергеу жүргізуді бастады", — дейді Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіндегілер.
Айта кетейік, бүгін таңғы сағат 07.50 шамасында Іздеу және құтқаруды үйлестіру орталығына Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылынан 12 шақырым жердегі күріш алқабын өңдеу кезінде АН-2 ұшағы құлағаны туралы хабар түскен болатын .