Әскери ұшақ апатынан 17 адамның қаза тапқаны белгілі болды
©Reuters / Philippines Army JFT SULU
Филиппинде әскери ұшақтың құлауы салдарынан 17 адамның қаза тапқаны мәлім болды, деп хабарлайды ЭК.
Кейбір деректерге қарағанда, апат салдарынан 40-қа жуық адам зардап шеккен. Соңғы мәлімет бойынша, бортта 92 адам болған. Оның үшеуі — ұшқыш.
Естеріңізге сала кетсек, С- 130 маркалы ұшақ Сулу провинциясындағы Холо аралына қонар кезде апатқа ұшыраған еді. Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. Тергеу жүргізіліп жатыр.