Сәбина Алтынбекова ең танымал волейболшылардың тізіміне енді

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

instagram.com / altynbekova_20

Сәбина Алтынбекова Instagram-дағы ең танымал волейболшылардың тізімінде үшінші орында тұр, деп хабарлайды ЭК.

Тайландтық Нутсара Томком — Instagram-да 1 миллионнан аса жазылушысы бар жетінші волейболшы. Бразилиялық Жаклин Карвальо да осындай көрсеткішке қол жеткізген.

Ал 1,1 млн жазылушысы бар Сәбина Алтынбековамен ирандық Мохаммад Мусави, тайландтық Плеумджит Тинкаоу және бразилиялық Бруно Резенде иық теңестіріп тұр.

Екінші орынға 1,3 млн табынушысы бар филиппиндік Алисса Валдес жайғасқан. Ирандық қол доп шебері Саид Маруф болса, 1,9 млн адам жинап, бірінші орынды жеке иемденіп отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров