Ресейде көлік ішінде қалған екі қыз көз жұмды

Лаура БИҒАЛИ

© РИА Новости

Оқиға Ресейдің Ростов облысының Каменский ауданында болды, деп хабарлайды ЭК.

"РИА Новости" агенттігінің жазуынша, қаза болған балалардың біреуі 4 жаста, екіншісі екіде. Үйінің ауласында ойнап жүрген екі бүлдіршін, жақын жерде тұрған көлікке отырған. Соның салдарынан көлік ішіндегі балалар ыстықтап, ауа жетпей көз жұмды.

Тергеушілер қылмыстық іс қозғады.

Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексі 109-бабының 3-бөлігі (абайсызда болған өлім) бойынша қылмыстық іс қозғады,

деді полицейлер.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров