Ұшақ апатынан қаза болған әскерилердің саны 29-ға жетті

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

©Reuters / Philippines Army JFT SULU

Филиппиндегі ұшақ апатынан қаза болған әскерилердің саны 29-ға жетті, деп хабарлайды ЭК.

Елдің әскери ведомствосының соңғы мәліметіне қарағанда, қаза тапқандардан бөлек, 50 адам түрлі жарақат алған.

Мұның алдында Филиппин елінің оңтүстігіндегі Сулу провинциясында C-130 әскери ұшағы құлағаны туралы хабарланды.

Ұшақ ішінде қанша адам болғаны туралы нақты дерек жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарына сенсек, шамамен ұзын-саны 85-90 адамның төңірегінде.

Құтқарушылар оқиға орнына жетіп, зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров