Брюссельдің бас символы - "Маннекен Писке" қазақша киім кигізілді

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

instagram.com / ayazhan.mustafina

Туристер мүсінді қызыға қарап, суретке түсіріп жүр, деп хабарлайды ЭК.

Брюссельдің бас символына айналған мүсінге атаулы күндері киім кигізілетін дәстүр көптен бері жасалып келеді. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен елорда күніне орай "Маннекен Пис" қазақтың ақ шапаны мен басына бөрік киді. Бұл іс-шара "Тіл-Қазына" мәдени орталығының бастамасымен және Қазақстанның Бельгиядағы елшілігінің қолдауымен өткізіліп отыр.

Айта кетейік, 300 жыл бұрын пайда болған дәстүрдің аясында Жульен есімді мүсін-бала мыңға жуық киім ауыстырған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров