Маңғыстау облысында темір жолды су шайып кетті (видео)

Экспресс К

Бейнеден кадр

Маңғыстау-Шетпе учаскесіндегі темір жолды су тасқыны бүлдіріп кетті, деп хабарлайды ЭК.

Lada.kz сайтының мәліметінше, қатты су тасқыны №14 және №15 разъезд арасындағы теміржол учаскесін бұзып кеткен. Оның видеосы кеше кешкілік түсірілген. Бейнежазбада тасқынның пойыздың тоқтауына әкелгені байқалады.

Айта кетейік, кеше шаңды дауылдан кейін Жаңаөзенде нөсер жауын болған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров