Ақтауда теңізде жүрген катер жанып кетті (видео)


Бейнеден кадр
Ақтаудағы теңіз жағалауының бірінде демалушыларды қыдыртатын катерден өрт шыққан, деп хабарлайды ЭК.
Куәгерлердің айтуынша, оқыс оқиға бүгін күндізгі сағат 3 шамасында болған. Катер теңізге келушілерді үрмелі қайыққа отырғызып, теңізде серуендету қызметімен айналысқан.
Демалушылардың айтуынша, ондағы адамдарды құтқарушылар эвакуациялапты. Бірақ төтеншеліктер қайық пен катерде адам болған-болмағанын растамады.
Қазір ТЖД қызметкерлері өрттің неден болғанын анықтап жатыр.