Кипрде орман өрті ырық бермей тұр

Лаура БИҒАЛИ

instagram.com / aceplaymore

Кипр билігі аралдың оңтүстік бөлігін шарпыған ауқымды дала өртін тоқтату мақсатында халықаралық қоғамдастықтан көмек сұрады, деп хабарлайды ЭК

Кипр Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, өрт болған жерден төрт адамның мәйіті табылған. Бұл сол маңда жұмыс істеп жүрген мысырлық жұмысшылар болуы мүмкін. Оқиға орнынан олардың өртенген көліктері де табылыпты.

Тілсіз жау көрші аймақтарға да тарап жатыр. Орман өртін ауыздықтау үшін шамамен 70-ке жуық өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Соңғы аптада Кипрде аптап ыстық болып, сынап бағанасы 40 градустан асты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров