Атырау және Павлодар облыстарында шектеу шаралары күшейтілмек

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

pavon.kz

Павлодар және Атырау облыстарының бас санитар дәрігерлері жаңа карантин шараларын бекітетін қаулы шығарды, деп хабарлайды ЭК.

Павлодар облысында жолаушы автобустары тоқтайды. Бұдан бөлек, мәдениет сарайларының, театрлардың, кинотеатрлар мен концерт залдарының қызметіне тыйым салынғалы отыр. Соның ішінде жәрмеңке, бильярд, компьютер клубы, боулинг, балалардың ойын-сауық орталықтары да бар. Қаулы 7 шілдеден бастап күшіне енеді.

Ал Атырау облысында әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмыс уақыты мен тәртібіне шектеу енгізу қарастырылып жатыр. Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сала қызметкерлерінің 80 пайызы қашықтан жұмыс істейтін болды. Сауда үйлеріне тек қана жұмыс күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров