Жаңа «Қазақстан Барысы» анықталды

Бек ТӨЛЕУОВ

instagram.com / qazaqstan_barysy

Финалда Жамбыл облысының намысын қорғаған Ғалымжан Қырықбай мен Шығыс Қазақстанның балуаны Дәурен Нұралинов белдесті. Шешуші сәтте шеберлік танытқан Нұралинов алғаш рет Qazaqstan Barysy атанды, деп хабарлайды ЭК.

Дәурен ширек финалда астаналық Олжас Шынкеев, жартылай финалда маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғаповтан басым түскен болатын.

Ал, үшінші орын Нұрдәулет Жарылғаповқа бұйырды. Ол қола жүлде үшін таласта 2017 жылғы Qazaqstan Barysy Еламан Ерғалиевтің осал тұсын тапты.

Осымен оныншы рет өткен додаға еліміздің 14 облысы мен Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында іріктеуден өткен 37 үздік балуан қатысты. Олардың арасында бұған дейінгі жылдары Qazaqstan Barysy атанған Айбек Нұғымаров, пен Мұхит Тұрсынов жарыс жолынан ерте шығып қалды.

Ал, бірнеше дүркін жүлдегер Руслан Әбдіразақов ширек финалда Маңғыстау облысының өкілі Нұрдәулет Жарылғаповқа есе жіберіп алды.

Айта кетейік, биылғы балуандар бәсекесі Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналды.

Qazaqstan Barysy атанған Дәурен Нұралиновқа Алтын тұяқ пен 25 млн теңге, бапкеріне 3 млн 500 мың теңге берілді. Екінші орын иегеріне 5 500 мың теңге, бапкеріне 1 800 мың теңге. Үшінші орын иегеріне 1 800 мың теңге табысталды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров