Қызылорда маңында апатқа ұшыраған ұшақта кімдер болған?

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

Аталған оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды ЭК.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше ұшақ күріш алқабына 30 метр биіктіктен құлаған. Апатқа оның қозғалтқышынан шыққан ақау себеп болуы мүмкін.

Сондай-ақ, апатқа ұшырағандардың кімдер екені айтылды. 1967 жылы туған ұшқыш Р.М.Ахмадуллин ауруханаға жатқызылған. Қазіргі жағдайы қанағаттанарлық. Ал 1954 жылы туған ұшқыш К.Б.Досметов ауруханаға жатудан бас тартыпты.

Оқиға орнына 16 құтқарушы, 20 полицей, 6 дәрігер және жергілікті атқарушы органдардың 2 қызметкері келіп, алғашқы көмек көрсеткен.

Ал көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған оқиғаға қатысты 344-баптың 1-бөлігі "қозғалыс қауіпсіздігі немесе әуе көлігін пайдалану ережелерін бұзу" дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғанын хабарлады.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең Қызылорда маңында Ан-2 ұшағы апатқа ұшыраған еді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров