Әр анаға – бір домбыра


pavlodarnews.kz
Павлодарда жас босанған аналарға сыйлыққа домбыра берілді, деп хабарлайды ЭК.
Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухана ұжымының Ұлттық мейрам — "Домбыра күніне" орай перинаталдық орталық аясында "Домбыра тарту етеміз" атты акция ұйымдастырылып, жас босанған аналарға бір-бір шағын домбыра сыйлағанын жазады Pavlodarnews.kz.
Ұлттық мерекені атап өту барысында аурухана ауласында Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның домбыра оркестрі күй тартып, салтанатты шағын концерт өткізген.


pavlodarnews.kz