Жамбыл облысында алаяқтық дерегі өршіп тұр

Қанат ЕСКЕНДІР

ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Жамбыл облысында сенімге кіру арқылы кісінің жеке мүлкі мен ақшасын иемденіп кету дерегі көбейіп кеткен, деп хабарлайды ЭК.

"Forbes.kz" басылымының жазуынша, Жамбыл облыстық прокуратурасының прокуроры Сергей Налыгачев 2021 жылы өңірде тіркелген әр бесінші қылмыстық оқиғаның алаяқтық екенін айтқан. Адамдардың сенімін пайдаланып үйін, автокөлігін, жер телімін және ақшасын иемденіп кету оқиғалары 84,8%-ке жеткен.

Прокурор 2020 жылы елді шулатқан ірі алаяқтық оқиғаны мысалға келтіріп, қазір "Гарант 24 Ломбард" және "Выгодный займ" ЖШС қызметкерлеріне қатысты қылмыстық сот ісінің Ақтөбеде жүргізіліп жатқанын мысалға келтіреді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы бірнеше азамат аталмыш екі ЖШС атынан хабарландыру беріп, бір ғана Жамбыл облысында сегіз жүздей адамнан екі миллиард теңгеден аса қаржы жинап, алдап кеткен болатын. Көп ұзамай, осы қылмыстың негізгі ұйымдастырушылары алыс-жақын шет елдерде тұтқындалып, елге жеткізілген. Қазір олар Ақтөбе қалалық №2 сотында үкім шығаруды күтіп отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров