112 жастағы қария ұзақ жасау сырымен бөлісті

Қанат ЕСКЕНДІР

Әлеуметтік желіден

Ең ұзақ жасаған адам ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген Пуэрто-Рико тұрғыны 112 жастағы Эмилио Маркес өзінің құпиясымен бөлісті, деп жазады ЭК.

Маркес 1908 жылы 8 тамызда Пуэрто-Рикода туған. Ол әулеттегі 10 баланың ең үлкені. Жастайынан отбасылық фермада жұмыс істеп, өзінің іні-қарындастарына қамқор боп өскен, деп жазады Guinness World Records басылымы.

Ең ұзақ жасаған қарияның қазір 5 немересі, 5 шөбересі бар. Ол әйелі Андреа Перес екеуі 75 жыл бірге тұрып, 4 перзент сүйген. Перес ханым 2010 жылы қайтыс болыпты.

Эмилио қарияның айтуынша, айналасына сүйіспеншілікпен қарап, елге үнемі жақсылық жасап жүру — адамның бақытты әрі ұзақ өмір сүруінің кепілі көрінеді.

Бұған дейін әлемде ең ұзақ өмір сүрген адам Думитру Комэнеску деген румын еді. Ол 2020 жылы дүниеден озды.

Ұзақ жасау жөнінде әлемдік рекорд Жанна Кальман есімді француз әйеліне тиесілі. Жанна ханым 122 жыл 164 күн өмір сүріп, 1997 жылы өмірден озды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров