12 шілдеден бастап Арал ауданында төтенше жағдай күшіне енеді

Экспресс К

Әлеуметтік желіден

Қуаңшылыққа ұрынған Арал ауданына облыс басшысы Гүлшара Әбдіқалықова арнайы барып, төтенше жағдай мәселесі жуық арада шешілетінін айтты, деп хабарлайды ЭК.

12 шілдедеден бастап Төтенше жағдай жариялау туралы шешім ҚР Әділет министрлігіне тіркеледі. Осы уақыттан бастап Арал ауданында төтенше жағдай толық күшіне енеді. Сол кезге дейін төмендегі көрсетілген мәселелердің құжаттары толық дайын болып, қаржысы шешілмек. Ретімен айтсақ ол жоспарларға мына жұмыстар кіреді.

Арал ауданында төтенше жағдай жариялау процедуралары аяқталуға жақын. Қазірде тиісті құжаттама ашық нормативтік құжат порталына енгізілді. Жағдайдан шығудың механизмін сызып, қысқы маусымға мал азығын алдын ала жинап алуды үйлестіріп жатырмыз

деді облыс басшысы.

Гүлшара ӘбдіқалықоваГүлшара Әбдіқалықова
Гүлшара Әбдіқалықова

Төтенше жағдай күшіне енгізілген соң, Сырдария өзенінің "Бұрмақұлақ" арнасын бөгеу арқылы "Аспай" суағытқысы іске қосылады. Сыр бойында орналасқан 8 су арнасын бірінші кезекте тазалау және су тоспаларын орнату қолға алынады.

"Қулы" және "Ақшақыз" арналары "Ақшатау және Қамыстыбас" көлдерін суландырылады. Ал, қалған 6 арнаның суы шабындық және егістік жерлерді суландыруға бөлінеді. Бұдан өзге, иесіз деп танылып, меншікке алынған 49 су ұңғымасын құжаттандырылып, қызыл аймаққа енген елді-мекендердегі 15 су ұңғымасын іске қосу жоспарланбақ.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров