Ақбөкен саны едәуір артқан

Қанат ЕСКЕНДІР

gov.kz

Ғалымдар екі жыл бұрын жойылып кету қауіпі төнген ақбөкендердің күрт көбейгені жөнінде айтып отыр, деп хабарлайды ЭК.

2019 жылдары саны төмендеп, жойылудың аз-ақ алдында тұрған жануарлардың басы екі есеге көбейуі — өте сирек кездесетін жәйт екендігін жазады BBC агенттігі. Қазақстандағы ақбөкендерді аэробақылау арқылы түсірілген сурет бойынша, киік саны 334 мыңнан 842 мыңға дейін артқанын көрсеткен.

Сәуір айында жүргізілген зерттеулер киіктің жалпы саны артуымен қатар, белгілі бір өңірдегі түрлерінің көбейгенін анықтап отыр. Мәселен, 2015 жылы 1 мың басқа дейін азайған Үстірт киіктерінің саны бүгінде 12 мыңға жеткен.

Алайда, ғалымдар инфраструктуралық жобалар мен мұнай-газ өндіру істері ақбөкендерге бәрібір қауіп төндіреді деп есептейді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров