Даладағы өрттен бір адам қайтыс болды

Қанат ЕСКЕНДІР

instagram.com / etozhez

Қарағанды облысындағы дала өртінен бірнеше жүз бас мал қырылып, адам шығыны тіркелді, деп хабарлайды ЭК.

Instagram әлеуметтік желісіндегі etozhez парақшасында дала өртінен зардап шеккен ауылдар мен қырылған мал, өртенген қора-жайлар туралы айтылған. Парақшадағы мәліметке сенсек, Ұлытау ауданындағы Байқоңыр ауылында 300 бас мал өртеніп өлген.

Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар басқармасы өңірде 12 табиғи өрт ошағы тіркелгенін, оның ішінде, Ұлытау ауданында шамамен 263 гектар аумақты қамтитын дала өрті болғанын растап отыр.

instagram.com / etozhezinstagram.com / etozhez
instagram.com / etozhez

Жексенбі күні Ұлытау ауданына қарасты Қоскөл ауылынан 40 шақырым жерде өртеніп кеткен "УАЗ" көлігі мен бір ер адамның денесі табылған. Ауыл тұрғындары бұл адамның дала өртін өшіруге қатыспағанын айтып отыр. Сондай-ақ, Жангелді ауылы маңындағы "Әбдібеков" шаруа қожалығының 200 бас қойы мен 10 бас ірі қарасы өртеніп кеткендігі расталды.

Дала өртін сөндіруге 77 техника мен 298 адам жұмылдырылған. Жергілікті атқарушы билік Жангелді, Ақтас және Амангелді ауылдық округтарында төтенше жағдай жариялады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров