Каспий теңізінде алапат жарылыс болды

Қанат ЕСКЕНДІР

Бейнеден кадр

Жексенбі күні Каспий теңізінің Әзірбайжан аумағында ірі жарылыс болғаны жөнінде әлеуметтік желілерде бейнебаян жарияланды, деп хабарлады ЭК.

Кешкісін жағажайда демалып жүрген адамдар теңізде болған ірі жарылысты камераға түсіріп алған. Олардың айтуынша, жарылыстың дүмпуі жағаға дейін жеткен, деп жазады azh.kz басылымы.

Әуелде айтылған "жарылыс әзірбайжандық "Умид" газ өндіру платформасында болуы мүмкін" деген болжам расталмады. Жарылыс мұнай-газ тасымалдаушы танкерлердің бірінде болуы ықтимал. Алайда, Әзірбайжан Каспий Теңіз Қатынастары (ASCO) компаниясының қызметкерлері өздеріне тиесілі кемелерден ондай мәлімет түспегенін айтып отыр.

Мемлекеттік Теңіз әкімшілігі әзірге барлық кемелерден өрт аумағынан алыс жүзуді сұраған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров