Didi-такси жүйесінен ши шықты

Қанат ЕСКЕНДІР

ridex.taxi

Нью-Йорк биржасында құнды қағаздары аса қымбатқа бағаланған қытайлық Didi фирмасының үстінен киберқылмысқа қатысты іс қозғалды, деп хабарлайды ЭК.

Uber немесе Lyft фирмалары секілді кісі тасымалдаумен шұғылданатын Didi Chuxing жобасы Қытайда тәулігіне 20 миллионнан аса тапсырыс алады және ол әлемнің 15 ірі нарығына шығып үлгерді, деп жазады ВВС агенттігі.

2012 жылы құрылған Didi жобасы жуырда Нью-Йорк биржасына өз акцияларын шығарып, 4,4 миллиард доллар қаржыға ие болған. Осы ірі қаржы операциясынан кейін Қытайдың Киберкеңістік жөніндегі басқармасы (САС) Didi фирмасының үстінен тексеру жұмыстары басталғанын мәлімдеді. Басқарманың айыптауынша, Didi Chuxing фирмасы өз клиенттеріне қатысты ақпаратты жинауда және қолдануда заң бұзған.

Didi жүйесі күнделікті қолданушыларының тапсырысын орындау үшін жол қатынастары мен қозғалыс бағыттарына қатысты өте көп көлемде ақпарат жинайды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров