Facebook-тің қожайынын Facebook қолданушылар мазаққа айналдырды

Қанат ЕСКЕНДІР

instagram.com / zuck

Facebook әлеуметтік желісінің Бас директоры Марк Цукербергтің Америка Тәуелсіздік мейрамын атап өтуі интернет қолданушылар арасында қызу пікірталас тудырды, деп хабарлайды ЭК.

Lift Foils фирмасы шығаратын электрлі серфингтің Цукербергте бірнеше түрі бар екенін компания қожайындарының бірі Ник Лисон айтты, деп жазады Business Insider басылымы. Ол жуырда құны 12 мың долларлық серфинг арқалаған Маркті Гавай аралының жағалауынан кездестірген.

Цукерберг өзінің жеке парақшасында қолына АҚШ-тың мемлекеттік туын ұстап, электрлі серфингпен суда жүзіп бара жатқан видеосын жүктеген еді. Артынша, әлеуметтік желі қолданушылар оны қатаң сынға алып, күлкіге айналдырғысы келген түрлі жазбалар қалдырды.

"Мен көрген көріністі сіздер де тамашалаңыздар. Өкінішті, әрине. Бірақ ережені жасайтын мен емес", "Цукерберг Американың оңшылдары мен солшылдарын біріктірген секілді. Алайда, нәтиже өзі ойлағандай шықпаған болуы керек", "Марк! Нағыз Америкаға тап болғың келсе, келер жолы қолыңа чизбургер немесе отшашу алып ал" деген секілді мысқылға толы жазбалар көп.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров