COVID-19 ЖАҒДАЙЫ: ЖҰҚТЫРҒАНДАР 436 962 ЖАЗЫЛҒАНДАР 402 121 ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАР 4469


©Reuters / KHAM
Өткен тәулікте Қазақстанда ПТР-тестпен расталған COVID-19 жұқтырудың 3 мың 031 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлады дүйсенбіде коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК).
Бір күн бұрын елде 3 мың 003 covid-19 оқиғасы расталды.
Пандемия басталғалы бері елде барлығы 436 мың 962 covid-19 жағдайы расталды.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында — 799,
Алматы қаласында — 396,
Шымкент қаласында — 161,
Ақмола облысында — 130,
Ақтөбе облысында — 69,
Алматы облысында — 92,
Атырау облысында — 149,
Шығыс Қазақстан облысында — 66,
Жамбыл облысында — 57,
Батыс Қазақстан облысында — 186,
Қарағанды облысында — 499,
Қостанай облысында — 54,
Қызылорда облысында — 33,
Маңғыстау облысында — 196,
Павлодар облысында — 87,
Солтүстік Қазақстан облысында — 12,
Түркістан облысында — 45.
Сонымен қатар, ВАК мәліметінше, пандемия басталғаннан бері республикада коронавирустық инфекциядан 402 мың 121 адам емделді, оның ішінде 1 мың 248 адам соңғы тәулікте.