Қостанай облысының Милісай ауылында көшіп келгендерге мал беріледі

Абылай МАУДАНОВ

Милісай ауылы

Елдімекенді сақтап қалу үшін жанашыр азаматтар осындай қадамға барып отыр, деп хабарлайды ЭК.

Соңғы он жылда Милісайда халық саны күрт азайды. Бұрын жүзден астам шаңырақ түтін түтеткен мекенде небәрі 35 үй ғана қалған еді. Тұрғындар ірі қалаларға көптеп қоныс аударып, ауылға жабылып қалу қауіпі төнді. Бала саны кеміп, 240 орынға шақталған мектепте 32 бала оқып жатты.

Бұлай шарасыз отыра беруге болмайтынын түсінген ауыл тұрғындары іске кірісті. "Көшіп келушілерге мал береміз, үймен қамтамасыз етеміз", — деп жар салды.

Бастама жемісін берді. Биыл Жангелді ауданы, Милісай ауылына көп балалы 10 отбасы көшіп келді. Оның жетеуі Қызылорда облысынан, үшеуі елдімекеннің байырғы тұрғындары. Нәтижесінде, мектептегі бала екі есеге көбейіп, қазір 70 оқушыға жетті. Ауылдың ертеңгі күнге деген сенімі нығайды

"Келушілерге үй дайын. Сауынға 2-3 сиыр, он шақты ұсақ мал береміз. Оның сыртында екі жылдық жем-шөбін өз мойнымызға аламыз. Мамандығына қарай жұмысқа орналасады. Ақтөбе облысынан бір шаңырақ, Нұр-Сұлтан қаласынан бір шаңырақ көшіп келуге ынта білдіріп отыр"6 -дейді Милісайдың тумасы, кәсіпкер Қайрат Ділханов.

Қазір Милісайда тіршілік жанданған. Ауылда намазхана ашылды. Көңіл көтеретін демалыс орыны салынды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров