Ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 50- ге жетті

Экспресс К

©Reuters / Philippines Army JFT SULU

Филиппиндегі ұшақ апатынан қаза тапқан әскерилердің саны 50-ге жетті, деп хабарлайды, ЭК

Елдің қарулы күштері өкілдерінің мәліметтеріне сүйенсек, қаза тапқандардың үшеуі бейбіт тұрғын. Жарақат алғандардың саны да 50-ге жетті.

Мұның алдында Филиппин елінің оңтүстігіндегі Сулу провинциясында C-130 әскери ұшағы құлағаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Ұшақ ішінде барлығы 92 адамның болғандығы анықталды, олардың басым бөлігі әскерилер.

Апат орнында құтқару жұмыстары жалғасуда.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров