Қарағандыда супермаркеттің бірінде шу шықты (видео)

Ержан ШАЙЖАН

Facebook / Әділбек Бердіқожаев

Кассада кезекте тұрған сатып алушылар төбелес шығарды, деп хабарлайды ЭК.

Әлеуметтік желіде тарап кеткен видеода ер адам мен әйелдің бір біріне қол жұмсап, аяқ көтергенін байқауға болады.

Жанжалдасқан екі адамды касса алдында тұрғандар ажыратуға тырысады.

Бірақ келіншекті жылаған баласы да тоқтата алмады.

Төбелестің қашан және неден шыққаны белгісіз.

Видеоны Facebook парақшасында Әділбек Бердіқожаев есімді желі қоданушысы жариялады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров