Трамп командасы құрған Gettr әлеуметтік желісі хакерлер шабуылына ұшырады

Экспресс К

© DW

Белгісіз біреулер АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың баспасөз хатшысы және көмекшісі болған Джейсон Миллер құрған Gettr әлеуметтік желісін шабуылдады, деп хабарлайды ЭК.

Business Insider ақпарат көзінің хабарлауынша, хакерлер Миллердің өзінің тіркеу жазбасын, АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік Хатшысы Майкл Помпео мен Трамптың көмекшісі болған Стивен Бэннонның аккаунттарын шабуылдаған.

Қаскөйлер тіркеу жазбаларының атауын "Палестинаны азат етуге," шақыратын ұрандарға өзгерткен. Осы шабуыл үшін жауапкершілікті, өзін желіде "Джуба Бағдад" лақап атымен көрсеткен белгісіз біреу мойнына алды. Ол аккаунттарды "әзіл үшін" шабуылдағанын және мұның техникалық жағынан түкке тұрмағанын алға тартады. Бірнеше сағаттан кейін аккаунттардың жұмысы қалпына келтірілген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров