Енді TikTok-та 3 минуттық видео жариялауға болады


© Reuters
Жаңа өзгерісті TikTok әлеуметтік желісі бірнеше аптаның ішінде жасап шығармақ, деп TikTok желісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ЭК хабарлайды.
Қазір тик-токшылар тек 1 минуттық видео жүктеп жүр. Енді бірнеше аптадан соң 3 минутқа дейінгі роликтарды жариялай алады.
"Көпшілігіңіз қазір біздің әлеуметтік желідегі ұзақтау видеоларды көріп жүрген боларсыздар, Біз өзіміздің қолданушыларымызға осындай кеңейтілген формат үсынып, соны зерттеп жатырмыз", — деді компания менеджері Дрю Кирхгофф.
Енді бұл нұсқа барлық қолданушыларға бірдей беріледі. Бұл тик-токтағы бір роликті шашыратпай орналастыруға жақсы мүмкіндік болайын деп тұр.