Грузиядағы теннис турнирінде қазақстандық жеңіске жетті

Бек ТӨЛЕУОВ

ФТК баспасөз қызметі

Теннистен Грузияда өткен ITF Junior Telavi Cup 2021 турнирінде қазақстандық спортшы топ жарды, деп хабарлайды ЭК.

Грузияның Телеави қаласындағы жарыста 18 жасқа дейінгілер арасында отандасымыз Мария Синицына абсолют чемпион атанды. Қазақстан теннис федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мария финалда АҚШ спортшысы Виктория Сасинканы жеңген. Қорытынды есеп — 7:5, 3:6, 6:3.

Алматылық теннисшінің бұл U18 катеегориясындағы жекелей сындағы алғашқы ірі табысы. Ол сонымен қатар жұптық сында түркиялық Гюлен Ипекпен бірге жеңіске жетті. Шешуші сында олар қазақстандық-ресейлік дуэт Карина Жұмажанова мен Елизавета Масниядан басым түсті (6:3, 2:6, 10:8). Осылайша, Мария биылғы жылы екінші рет жұптық бәсекеде үздік шықты.

Сондай-ақ Берлинде 14 жасқа дейінгілер арасында турнир өтті. Бұл бәсекеде қазақстандық Заңғар Нұрланұлы финалда чехиялық Мартин Доскошилуге есе жіберді — 2:6, 2:6.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров