Қытай ғарышкерлері ашық ғарышқа шықты

Жұмазия ОРАЗАЙ

© Синьхуа

Қытай ғарыш кемесінің ғарышкерлері Лю Бомин мен Тан Хунбо кемеден тыс қызметтеріне кірісті, деп хабарлайды ЭК.

"Лю Боминг жексенбі сағат 08:11-де кабинаның есігін ашты. Лю Боминг пен Тан Хунбо ғарыш кеңістігінде жүріп, аяқтарын механикалық қондырғыларға бекітіп, кемеден тыс жұмыстарды сәтті атқарды",- деп жазады Синхьуа, Қытай ғарыш бағдарламалары кеңсесіне сілтеме жасап.

© Синьхуа© Синьхуа
© Синьхуа

12: 09-да олар экстракорпоральды панорамалық камераны көтеруді аяқтаған. "Олар механикалық рычагтың көмегімен ғарыш станциясындағы тағы бір кемеден тыс жұмысты жалғастырды. Ал үшінші ғарышкер Не Хайшэн серіктестеріне көмектесіп, кеме сыртындағы зерттеу жұмыстарына қол үшын беріп жатыр" ,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

© Синьхуа© Синьхуа
© Синьхуа

Үш космонавт осы жылдың 17 маусымында "Шэньчжоу-12" кемесінің көмегімен ғарышқа аттанған еді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров