"Өнер" көкпары сайысы өз мәресіне жетті

Ержан ШАЙЖАН

QAZSPORT TV 

Финалдық кездесуде Тараздық “Әулиеата” командасы Шымкенттік “Құлагерді” айқын басымдықпен жеңді, деп хабарлайды ЭК.

Жұлдыздар арасында ұйымдастырылған жарыс Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Ақтық сайыста кездескен "Әулиеата" командасы "Құлагерді" 5-1 есебімен ұтып, жеңіс тұғырынан көрінді.

Екінші орынға "Құлагер" жайғасса, "Алматы" командасы үшінші орынды місе тұтты.

Жеңімпаз атанған командаға 1 миллион теңге және кубок, екінші орынға 500 мың теңге, үшінші орынға 300 мың теңге табысталды. Бұдан бөлек үздік өнер көрсеткен, көп салым салған палуандарға ақшалай сыйлықтар берілді.

Астанадағы "Қазанат" ипподромында өтіп жатқан ұлттық спорт ойындарының жүлде қорына 21 миллион теңге бөлінгенін бұған дейін жазған болатынбыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров