Америкалық режиссер Назарбаев туралы 8 сағаттық фильм түсірді

Бек ТӨЛЕУОВ

ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз қызметі

Америкалық режиссер Оливер Стоун Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан туралы деректі фильмнің трейлерін жариялады, деп хабарлайды ЭК.

"Qazaq. История Золотого человека" деректі фильмінің режиссері Игорь Лопатенок. Фильмнің ұзақтығы — 8 сағат. Онда Оливер Стоунның Нұрсұлтан Назарбаевпен сұхбатынан үзінділер көрсетілген.

Өзінің Facebook-тегі парақшасында Оливер Стоун қазір Италияда екенін, одан кейін Қазақстанға келетінін жазған.

Facebook.com / TheOliverStoneFacebook.com / TheOliverStone
Facebook.com / TheOliverStone

Оливер Стоун Назарбаев туралы фильм түсіру үшін Қазақстан астанасына арнайы ұшып келген. Елбасы сұхбат барысында өзінің балалық шағын, КСРО-ның күйрегенін, Семей сынақ полигонын еске алған. Одан бөлек, Қазақстанның рөлін, сондай-ақ Алтын адамның тарихын түсіндіреді.

Оливер Стоун — америкалық режиссер, сценарист және продюсер. Үш "Оскар", бес "Алтын глобус " иегері.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров