Елордада Highvill өртенді


ТЖД
Нұр-Сұлтан қаласында "Highvill Астана" көпқабатты тұрғын үйінен өрт шықты, деп хабарлайды ЭК.
Қошқарбаев көшесі 2, мекен-жайында орналасқан "Highvill Астана" тұрғын үйінің отқа оранған бейнежазбасы әлеуметтік желі арқылы тарап кетті.
Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 5 шілдеде 11 сағат 9 минутта қауырт желіге қоңырау шалынып, өрт сөндірушілер оқиға орнына бет алған.
Мамандар тілсіз жауды 6 минутта ауыздықтаған. Ғимараттың 6-шы қабатында тұрмыстық техникадан өрт шығып, от 5 шаршы метр аумаққа таралған.
Мамандар 11:23-те өрттің таралуын тоқтатып, 11.30-да толық сөндірген. Абырой болғанда, тұрғындар зардап шекпеген. Өртті сөндіруге 20 төтенше жағдай маманы мен 5 арнайы техника жұмылдырылды.