Пойыздағы қолайсыздық жолаушыларды әбігерге салды (видео)

Ержан ШАЙЖАН

Бейнеден кадр

Алматыдан Алакөлге бет алған жолаушылар вагон ішіндегі қапырықтан қиналып кеткендерін жеткізді, деп хабарлайды ЭК.

Видеоны белгілі спорт комментаторы Рауан Оқас түсірген. Журналист желдеткіш істемейтіндігін, купелерде терезе ашылмайтынын, билет бағасының қымбаттығына қарамастан пойызда ешқандай жағдай жасалмағанын айтып, ренішін жеткізді.

"Отандық туризм мына түрімен қайдан дамиды? Көлікпен шығайық десек жол жаман, поездың түрі болса мынау. Бағасы удай қымбат, 1 адамға — 20 мың теңге. Әр стансаға жарты сағаттан аялдайды. Шынымды айтсам, демалуға деген көңілім су сепкендей басылды. Кеткен ақшаға Ыстықкөлге баруым керек еді, деп өкініп отырмын. Балаларымның да мазасы кетті", — деді ЭК тілшісіне Рауан Оқас.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров