Каспий теңізіндегі жарылыс жанартаудың әсерінен болған

Жұмазия ОРАЗАЙ

Бейнеден кадр

Каспий теңізінің Әзірбайжандық бөлігінде балшықты вулкан атқылап, салдарынан жартасты жанартау пайда болды, деп хабарлайды ЭК.

Vesti.az жазғандай, Әзірбайжан Төтенше жағдайлар министрлігі: "Кеше түнде Каспий теңізінде болған өртті балшықты вулкан атқылауынан болған жарылыс" деген. Министрліктің хабарлауынша, теңізде техногендік емес, табиғи апат болған. Әзірбайжан ТЖМ өрт алабындағы жағдайды анықтау үшін кемелерін жіберген.

"Қазір жел соғып тұр, қатты толқынның әсерінен кемелер жағаға жақындай алмайды. Толқын басылған бойда кемелер сол аумаққа барады. Арнайы мамандар барып анықтайды", — деді Әзірбайжан ТЖМ.

Жартасты арал жанартаудың салдарынан пайда болған. Ол Салян мен Нефтчаланың арасында, жағадан 30 км қашықтықта орналасқан.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров