“Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” туындысы алғаш рет балет театрында сахналанды

Бек ТӨЛЕУОВ

Astana Ballet баспасөз қызметі

Елорданың туған күні қарсаңында “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” поэмасы желісінде жазылған балеттің премьерасы болды, деп хабарлайды ЭК.

Қазақтың лиро-эпостық жырларының жауһарына жататын туындының желісімен қойылған туындының музыкасын Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жазған. Ал қойылымның режиссері — балетмейстер Георгий Ковтун.

Astana Ballet баспасөз қызметіAstana Ballet баспасөз қызметі
Astana Ballet баспасөз қызметі

Біз махаббаттың тылсым күші жайлы халық дастанын негізге ала отырып, спектакльді қазақ би элементтерінің мәнерімен көркемдедік. Яғни, театрымызда осы эпосты сахналау арқылы қазақ өнерінің дамуына үлес қоспақшы болдық,

дейді театрдың көркемдік жетекшісі Нұрлан Канетов.

Георгий Ковтун классикалық және заманауи балеттің, қазақ биінің өзіндік өрнегі мен күштік элементтерді қолдана отырып, ұлттық нақыштағы қызықты әрі әсерлі хореографиялық туындыны жарыққа шығарған.

Astana Ballet баспасөз қызметіAstana Ballet баспасөз қызметі
Astana Ballet баспасөз қызметі

Ол балетте кейіпкерлердің алуан-түрлі сезім иірімдерін би қимылымен жеткізуге күш салған. Қозы мен Қодардың антагонизмін көрсетудегі ізденісін балетмейстердің шығармашылық табысына балауға болар. Сонымен қатар, қос ғашықтың пәк сезімі, екеуара құштарлығы мен өзара сенімі де әсерлі би өрнегімен суреттелген.

Екі күн қатарынан қойылған премьерада Баян Сұлудың бейнесін алғашқы күні балет әртісі Дарина Қайрашева сомдаса, екінші күні Баян партиясын театрдың жетекші солисі Айнұр Әбілғазина орындап шықты.

Astana Ballet баспасөз қызметіAstana Ballet баспасөз қызметі
Astana Ballet баспасөз қызметі

Қозы бейнесіне жетекші солист Сүндет Сұлтанов таңдалса, Қодардың рөлі Ерқанат Ермағамбетке бұйырды. Қарияның рөлін дарынды биші Серік Аманжол сомдап шықты. Құртқаның партиясын Риза Қанатқызы, ал, премьераның екінші күні — Аңсаған Көбентай орындады.

Сонымен қатар, спектакльге Қазақ ұлттық хореография академиясының жасөспірім оқушылары да қатысты.

Astana Ballet баспасөз қызметіAstana Ballet баспасөз қызметі
Astana Ballet баспасөз қызметі

Премьераны тамашалауға елордадағы шенеуніктер де қатысты. Атап айтсақ, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Премьер-министр Кеңсесі басшысының орынбасары Ермек Аманшаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов болды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров