Тәліптер Ауғанстанның кейбір аумақтарын басып алды

Назгүл ЖАРЫЛҒАСОВА

© Reuters

Өткен тәулікте "Талибан" қозғалысының содырлары Ауғанстанның тоғыз ауданын бақылауға алып, әскерін Тәжікстан аумағына шегінуге мәжбүрледі, деп хабарлайды ЭК.

Тәжікстанның Ховар ақпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек, түнде содырлар Тәжікстан Республикасымен шекарасындағы ұзақтығы 910 шақырымға созылған Ауғанстанстанның Бадахшан провинциясына қарасты Хохон, Шикай, Нусай, Мохимай, Шугнон және Султон Ишкашим уездерін толық басып алған.

Тәліптермен қарулы қақтығыс барысында Ауғанстан үкіметі жасақтарының 1037 әскері өз өмірлерін сақтап қалу үшін Тәжікстан аумағына шегінуге мәжбүр болған. Тәжікстан шекарашылары қарсылық көрсетпеген. Кабулдегі Ресей елшілігі өкілдерінің мәлімдеуінше, НАТО және АҚШ әскері елден шығарылғалы бері жағдай шиеленісіп, тәліптердің билігі күшейді. Ал, АҚШ басшылығы Ауғанстан үкіметі содырларға қарсы тұруға шамасы жетеді деген еді.

"Талибан" қозғалысы — Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынған лаңкестік ұйым.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров