Сочиде су тасқыны қаупі бар (видео)

Назгүл ЖАРЫЛҒАСОВА

Бейнеден кадр

Сочидің Адлер және Хостинск аудандарындағы Хорота мен Мацеста өзендері арнасынан асты. Су тасқыны жүру қаупі бар, деп хабарлайды ЭК.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, толассыз жауған жауыннан өзен суы қауіпті деңгейге көтерілген.

Құтқарушылар тұрғындарды қауіпсіз жерге көшуге дайын болуға шақырды. Жергілікті тұрғындар су тасыған жерлерді және оның зардаптарын видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде таратып жатыр.

Кеше Сочиде қатты дауыл соғып, бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алған еді. Синоптиктердің алдағы күнге болжамы да мәз емес.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров