Министрлер мен әкімдер домбыра тартып жарысып жатыр

Бек ТӨЛЕУОВ

instagram.com / aidos.sadyq

Ұлттық домбыра күніне байланысты елдегі министрлер мен әкімдер домбыра тарту челленджін жалғастырды, деп хабарлайды ЭК.

Бүгін бұл челленджге Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қосылды.

"Нағыз қазақ мен емес, нағыз ҚАЗАҚ домбыра! Жастайымнан ата-анам домбыраға қаланың арғы шетіне жетектеп апаратын. Бірақ сол қағыстарды ұмытуға шақ қалғанда отбасым аспаптардың асылын сыйға тартты. Ораза кезінде өткен күндерге шегініс жасап көргенбіз. Ауызашардың алдында қызым жетіген ойнап, көңіл толқынының иірімдері еске түскен еді. Баршаңызды Домбыра күнімен құттықтаймын!", — деп жазды министр.

Бағдат Мусин екі видео жүктеді. Біреуінде өзі домбыра тартып, қызы тыңдап отыр. Ал екіншісінде қызы қазақтың көне аспаптарының бірі жетігенді жақсы меңгергенін байқатқан.

Шенеуніктердің арасында мерекеге орай, домбыра тартуды Сауда және интегарция министрі Бақыт Сұлтанов бастаған. Ол "Ерке сылқым" күйін орындаған еді.

Әлеуметтік желіде домбыраның тарихына қысаша тоқталып, қандай заман келсе де, домыбарының "сәннен шықпайтынына" сенім білдірген.

Ал Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов композитор Ренат Гайсинмен бірге Әбдімомын Желдібаевтың "Ерке сылқым" күйін ойнап, елорда тұрғындары мен әріптестерін домбырада ұлттық күйлерді орындау челленджіне қатысуға шақырды.

2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра күні ретінде тойлана бастағанын естеріңізге саламыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров