Сайтты пайдалану ережелері

1. Жалпы ережелер

1.1 Осы https://exk.kz/kk сайтын пайдаланудың Ережелері 010000, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел 8, 17 В блок мекен-жайы бойынша орналасқан «Экспресс-К» газетінің редакциясы» ЖШС – осы интернет-ресурс иесінің ресми өкілі болып табылатын Сайт әкімшілігі (бұдан әрі – Әкімшілік) белгілеген ақпараттық және өзге де материалдарды сайтқа орналастыру тәртібі мен шарттарын, оны пайдалану шарттарын айқындайды.

1.2 Осы Ереже пайдаланушылардың, әкімшіліктің, сондай-ақ сайт пайдаланушылары болып табылмайтын, бірақ олардың іс-әрекеттері нәтижесінде құқықтары мен мүдделері қозғалуы мүмкін үшінші тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауға бағытталған.

2. Әкімшіліктің құқықтары

2.1 Әкімшілік сайтқа зияткерлік қызметтің нәтижесі болып табылатын материалдарды, соның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар объектілерін және дараландыру құралдарын, соның ішінде мәтіндерді, фотосуреттерді, аудиовизуалды материалдарды, графикалық бейнелерді, тауар белгілерін, логотиптерді және басқаларды орналастырады (бірақ олармен шектелмейді).
2.2 Әкімшілік сайт материалдарына, сайтта қамтылған материалдарды іріктеуге, орналастыруға, жүйелеуге және түрлендіруге, сондай-ақ сайтта жарияланған материалдардың мазмұнында бөлек белгіленген жағдайларды қоспағанда, бастапқы деректерге айрықша құқықтарға ие.

3. Пайдаланушының құқықтары мен міндеттері

3.1. Пайдаланушы сайтқа тек автор немесе өзге заңды құқық иесі болып табылатын ақпарат пен материалдарды ғана орналастыруға құқылы.

3.3. Пайдаланушыға сайтта орналастырылған барлық мәтіннің үштен бір бөлігінен аспайтын дәйексөз келтірілген жағдайда, материалда баяндалған мағынаны сақтай отырып, сайт материалдарын жаңғыртуға рұқсат етіледі.

3.4. Сайт материалын жаңғырту кезінде пайдаланушы үшін міндетті шарт – материал авторының атын көрсете отырып, сайттағы материалдың тікелей мекенжайына белсенді гиперсілтемені орналастыру.

3.5. Пайдаланушыға сайтты пайдалану кезінде сайттың, басқа пайдаланушылардың немесе үшінші тұлғалардың зияткерлік меншігі болып табылатын объектілерді заңсыз жүктеуге, сақтауға, жариялауға, таратуға және қол жеткізуге немесе басқаша пайдалануға тыйым салынады.

4. Пайдаланушының сайтта материалдарды орналастыру ережелері мен шарттары

4.1. Пайдаланушының материалдарды сайтқа орналастыруы басқа пайдаланушыларға, мұндай пайдалану құқық иеленушінің немесе үшінші тұлғалардың заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіретін немесе келтіруі мүмкін жағдайларды қоспағанда, мерзімі мен аумағын шектеместен, жеке коммерциялық емес пайдалану мақсатында қарау, жаңғырту (оның ішінде көшіру), қайта өңдеу (оның ішінде көшірмелерді басып шығару) жолымен оны пайдалануға айрықша емес құқық беруді және өзге де құқықтарды білдіреді.

5. Сайтта орналастырылған материалдарды пайдалану Ережелері

5.1 Өтеусіз негізде пайдалану:

5.1.1. Құқық иеленушісі «Экспресс К» болып табылатын орналастырылған мәтіндік, фото және бейнематериалдарды ішінара немесе толық пайдалануға материал авторының атын көрсете отырып, сайттағы материалдың тікелей мекенжайына гиперсілтеме болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

5.1.2. Материалдарды пайдалану кезінде олардың мазмұнын бұрмалайтын өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

5.1.3. Көрсетілген рұқсат кез келген уақытта қандай да бір арнайы хабарламасыз бір жақты тәртіппен «Экспресс К» өзгертілуі мүмкін. Рұқсаттың жаңа редакциясы оны мына мекенжай бойынша орналастырған сәттен бастап күшіне енеді: https://exk.kz/kk/page/ruleskz.

6. Қорытынды ережелері

6.1 Осы Ережелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және түсіндіріледі және Пайдаланушы мен сайт Әкімшілігі арасындағы объектілерді сайтқа орналастыру тәртібі мен шарттарына қатысты, пайдаланушы оған қосылған сәттен бастап күшіне енетін толық келісімді құрайды және төмендегі 5.2-тармақта көзделген тәртіппен олардың күші жойылғанға немесе әкімшілік өзгергенге дейін қолданылады. Ережелермен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешілуге жатады.

6.2 Осы Ережелер сайт Әкімшілігімен арнайы ескертусіз бір жақты тәртіпте өзгертілуі және/немесе толықтырылуы мүмкін. Осы Ережелер ашық және жалпыға қолжетімді құжат болып табылады, қолданыстағы редакциясы Интернет желісінде мына мекенжай бойынша орналасқан: https://exk.kz/kk. Осы Ережелерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілгеннен кейін пайдаланушының материалдарды сайтқа орналастыруын жалғастыру пайдаланушының осындай өзгерістерді және / немесе толықтыруларды қабылдауын және олармен келісуін білдіреді.

6.3 Егер қандай да бір себептермен осы Ережелердің бір немесе бірнеше ережелері жарамсыз немесе заңды күші жоқ деп танылса, бұл қалған ережелердің жарамдылығына немесе қолданылуына әсер етпейді.

6.4 Тараптар арасында даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда, олар мүмкіндігінше келіссөздер жолымен шешілетін болады. Дауды келіссөздер арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда тараптар оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттың қарауына береді.

Құрметпен сайт әкімшілігі.